Биыл Алматыда бюджет есебінен Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарында 12,6 мың орынды 8 мектеп салынып жатыр
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданындағы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның құрылыс барысын тексерді. Шаһар басшысы жұмыс сапары барысында көпқабатты үйлерді, электрқосалқы стансаларын, мектептерді, ДСК-ін, сонымен қатар жолайрық құрылысының қарқынымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мегаполис әкімі Б. Сағынтаев Бұқтырма көшесі мен Құлжа тракті қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы барысымен танысты. Төрт және алты жолақты заманауи көлік өткізгіш ШААЖ әуежайға баратын жолмен байланыстырып, осы учаскедегі жол жүктемесін азайтады. Құлжа трактісі арқылы өтетін эстакада ұзындығы 784 м, ал, Бұқтырма көшесі бойындағы туннель – 570 м. Бұған іргелес аймақты абаттандыру үшін 750 ағаш отырғызылатын болады.
Б. Сағынтаев қозғалысты кезең-кезеңмен жіберуді тапсырды. Күзде эстакаданың бір жолағында көлік қозғалысын ашу жоспарланған. Бүгінде эстакаданың 110 м бетондау жұмыстары аяқталды, келесі 84 м құюға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 150 м туннельдің 100-нің құрылысы да аяқталды.
Түрксіб ауданына қосылған шағын аудандарда инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Нұршашқан, Қайрат және Әлмерек шағын аудандарында сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталуға жақын. Алдағы екі айда тұрғындар оған қосылатын болады. Сонымен бірге, аталған шағынаудандарда жолдарды жөндеу және салу жұмыстары басталды. Аталған шағын аудандардың көшелері 100% дерлік сыртқы жарықпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, электрмен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізілуде.
Түрксіб ауданының Қайрат ықшам ауданында қосалқы стансаның құрылысы жүргізілуде. Жоспарланғандай, осы жылдың күзінде пайдалануға берілісімен, Түрксіб ауданының Әлмерек, Нұршашқан, 15 мыңға жуық тұрғыны бар Қайрат ықшам аудандарының 200 мыңға жуық тұрғыны электр энергиясымен қамтамасыз етілетін болады, сондай-ақ, Медеу ауданының Думан ықшам ауданы да бар.
Б. Сағынтаев жүргізілетін жұмыстардың сапасын және мерзімінде орындалуын бақылауды тапсырды. Жоба маңызды, ол қалаға қосылған шағын аудандардың энергияға тәуелділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, апатты жағдайлар едәуір төмендейді. Нысанда 90 жұмыс орны ашылды. Одан бөлек, иесіз қалған, қызмет көрсетілмейтін электр желілерін жаңарту жоспарлануда.
Сондай-ақ, салынып жатқан және салынуы жоспарланған тұрғын және коммерциялық нысандар үшін, оның ішінде Кұлжа трактісі бойымен және жаңа әуежай терминалы бойында салынуы жоспарланған әлеуметтік инфрақұрылым объектілері үшін қуаттылық қоры жасалады. Одан бөлек, Алматы облысының Талғар ауданы электр энергиясымен қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен бірге, иесіз қалған желілердің барлығы қала балансына берілді. Қалаға қосылған шағын аудандар Талғар АЭС қосылғандықтан бұларда жарық жиі өшіп қалады. Іс жүзінде қызмет көрсетпейтін желілер модернищацияланады.
Б.Сағынтаев жүргізілген жұмыстардың сапасы мен құрылыс мерзімін сақтауды бақылауға алуды тапсырды. Жобаның үлкен стратегиялық маңызы бар, өйткені ол бекітілген шағын аудандардың энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді және апатты жағдайларды айтарлықтай азайтады.
Алматы әкімі Б. Сағынтаев Қайрат ықшам ауданындағы «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан көппәтерлі үйлердің құрылысымен танысты. Кешен 2062 пәтерлі 35 үйден тұрады, жалпы көлемі 166 127 мың ш/м.
Салынып жатқан тұрғын үй мыңдаған мұқтаж жандарды қолжетімді пәтерлермен қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, сатып алу құқығынсыз 1451 пәтер жалға берілетін болады. Бұл ретте 185 пәтер көп балалы отбасыларға, 216 - халықтың әлеуметтік осал топтарына, 1050 - жұмысшы жастарға арналған. Одан бөлек, 611 пәтер кезекте тұрғандар үшін несиелік желі бойынша бөлінеді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау жылдың соңына жоспарланып жатыр.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша құрылыс кезінде әлеуметтік тұрмыстық қызмету нысандарына орын беруді қарастыру қажет.
Түрксіб ауданының Қайрат және Жас Қанат жаңа шағын аудандарында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Көп пәтерлі тұрғын үй кешені де, жеке тұрғын үй құрылысы да салынуда. Халық санының өсуіне байланысты аталған шағын аудандарды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет. Аталған сұрақтың шешімін табу мәселесі Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың үнемі бақылауында. Жұмыс сапары барысында әкім құрылыс қарқыны мен нысандардың құрылыс сапасын тексереді.
Қайрат шағын ауданындағы КТК маңында 1500 орынды мектептің құрылысы жалғасуда. Оны жыл соңында пайдалануға беру жоспарлануда. Жаңа мектеп Түрксіб ауданындағы оқушы орны жетіспеушілігін шешуге мүмкіндік береді, бүгінде 1700 орын жетіспеушілігі бар. Бүгінде ауданда 29 мектеп бар, оның ішінде 27 мемлекеттік және екеуі жекеменшік. Оқушылар саны – 32 442.
Жаңа мектеппен қатар жыл соңына дейін Магнитный, 31 көшесіндегі №170 мектепке қосалқы салынып жатқан 300 орындық нысанды, Сейфуллин даңғылындағы 590 орындық жалпы білім беру мектебін пайдалануға беру жоспарлануда. Осылайша, аудандағы оқушы орнының тапшылығы жойылатын болады. Бұған дейін Қайрат шағын ауданының кейбір тұрғындары балаларын қаланың басқа аудандарындағы мектептерге беруге мәжбүр болатын.
Белгілі болғанындай, қаладағы туу коэффициенті мен көші-қон процестерінің жоғары болуына байланысты, тіпті бұрын білім беру нысандарының құрылысы жүргізілмеген шет аймақтарда да оқушы орнының жетіспеушілігі сақталуда. Қаланың барлық аумағында сапалы әрі қолжетімді біліммен қамту үшін орталығы немесе шеті болсын, мектептерді жеделдете салудың бағдарламасы қабылданды. Бұл «Жаңа Алматы» кешенді даму бағдарламасының басты міндеттерінің бірі. Жалпы, қалада 2021 жылы оқушы орны жетіспеушілігін 73 пайызға, не 22,6 мың оқушы орнына қысқарту жоспарлануда.
Жалпы, қалада 2021 жылдың соңына дейін оқушы орындарының жетіспеушілігін 73% немесе 22,6 мың оқушы орындарына азайту жоспарланып отыр. Биыл Алматыда бюджет есебінен Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарында 12,6 мың орынды 8 мектеп салынуда. 8,2 мың орындық мектептерге 17 қосымша ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Оқу жағдайын жақсарту үшін инвесторлар да тартылады. Биылдың өзінде 1700 орындық 6 жекеменшік мектеп ашылады.
Одан бөлек, Қайрат ықшам ауданындағы КТК маңына балабақша мен емхана салу жоспарлануда, ол жаңа шағын аудандардың кешенді дамуына сәйкестендірілген.
Сонымен қатар, Б. Сағынтаев Жас Қанат ықшам ауданындағы спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын аралап көрді. Бюджет қаржысы есебінен салынып жатқан ДСК аумағында әмбебап спорт залы, 6 жолақты бассейн, балалар бассейні, спорт залы және күрес элементтері бар жаттығу залы болады.
Одан бөлек, ауданның Жұлдыз-1 ықшам ауданында жеке инвестициялар есебінен көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Мұнда спорттық жүзу бассейні, күрес, спорттық гимнастика залдары және фитнес бағдарламалары бар залдар болады деп жоспарлануда. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты уақыт өткізуі үшін ауданда спорттың ойын және күш түрлері бойынша 35 тегін секциялар ашылды. Б.Сағынтаев дене шынықтыру және спорт инфрақұрылымын құру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.