Жаңару күні: Алматыда ардагерлер мен мектеп оқушылары көшет отырғызды

20.03.2024 01:32

Игі іс-шара оңтүстік астананың барлық ауданында қолға алынды

Almaty.tv

Жаңару күні аясында Алматының Медеу ауданында ардагерлер мен мектеп оқушылары көшет отырғызды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атаулы күнге орай мұндай игі шара оңтүстік астананың барлық ауданында қолға алынды. Қаланың дамуына үлес қосып, қоршаған ортаға қамқорлық жасау көзделген.

Айта кетейік, Наурызнама онкүндігіне сәйкес ертең Ұлттық спорт күні тойланады.

– «Бір ағаш кессең, он ағаш ек» деген. Ата-баба дәстүрін жалғастырып, ағаш отырғызып жатырмыз. Он күн тойлау – ұрпақ тәрбиелеуге, елдігіміздің берік болуына зор ықпалын тигізеді, – деді еңбек ардагері Марат Әмірбайұлы.

– Мақсат – аға буынның бойындағы қадір-қасиетті кейінгі ұрпақтың бойына сіңіру. Орталық музейге келген көрерменге көлеңкеде жақсы демалыс ұсыну, – деді  «ҚР Мемлекеттік орталық музейі» РМҚК директоры Рашида Харипова.

Оқи отырыңыз: «Алматы» телеарнасы жаңа маусымын бастады