Қала күні: алматылықтар «Дос-Мұқасан» ансамблінің концертін тамашалады

12.09.2024 01:37

Алматылықтар үшін ашық аспан астында төрт концерт жоспарланған

Almaty.tv

Алматыда қала күніне арналған іс-шаралар легі басталды. Қыркүйектің үшінші жексенбісінде тойланатын мереке биыл кең көлемде атап өтіледі. Соның бірі «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ару қала, алып шаһардың туған күні аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі концерт ұйымдастырды. Сағат 18:00-ден дәстүрлі әншілер мен әртістер өнер көрсетті. Концертті тамашалауға жиналған қауымның қарасы қалың.

– Алматы қаласы – Қазақстанның астанасы болған шаһар. Бүгін ол – өнерінің, қазақ мәдениетінің орталығы. Мерекелік концерт қазақтың тарихында тұңғыш ашылған  дәстүрлі өнер театрының алдында өтіп жатыр. Жақсылық нышаны дер едім! – деді  дәстүрлі әнші Еркін Шүкіман.

Алматылықтар үшін ашық аспан астында төрт концерт жоспарланған. «Дос- Мұқасан» ансамблінен соң, «Музарт» тобының мерекелік кеші басталады. Эстрада жұлдыздары көпшіліктің сүйікті әндерін орындап, алматылықтарды келе жатқан Қала күнімен құттықтайды. Ал ертең кешкісін осы алаңда концерттік іс-шаралар жалғасатын болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда қала күні тойлана бастады