Бүгін Алматыда тұрғындар мен қала қонақтары үшін ашық аспан астында төрт концерт өтеді. Халық барлық іс-шраны тегін тамашалай алады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Асыл Қазына» атты алғашқы ауқымды концерт 18:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда болады. Сахнада Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіман, Амангелді Күзеубай және т.б. танымал дәстүрлі әншілер мен артистер өнер көрсетеді.
Кейін сағат 19:00-де осы алаңда «Алматы түні» атты екінші концерт басталады, көрермен қауымқа аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі ән шырқайды. Бір сағаттан соң 20:00-де сахнаға «МузАрт» тобы шығады. Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Кенжебек Тұрсынбайұлы көпшіліктің сүйікті әндерін орындап, алматылықтарды келе жатқан Қала күнімен құттықтайды.Іс-шаралар жоспарының толық нұсқасы almaty.kz сайтында, сондай-ақ әкімдіктің Instagram парақшасында, Алматы мәдениет басқармасы мен аудандық әкімдіктердің ресми парақшаларында жарияланған. Ескертейік, аздаған өзгерістер болуы мүмкін. Ақпаратты әкімдіктің ресми интернет-ресурстары арқылы бақылап отыруды сұраймыз.
Оқи отырыңыз: Алматыда қала күніне орай қандай мерекелік іс-шаралар өтеді