Өйткені дүйім ел көп жүретін онда көбіне санитарлық ережелер сақталмайды
Алматыда белсенділер Барахолка базарына барып, халыққа түсіндірме жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өйткені дүйім ел көп жүретін онда көбіне санитарлық ережелер сақталмайды. Бұл жолы олар бетперде тақпаған сатушылар мен келушілерге айыппұл салмай, қайта барлығын түсіндірді. Тиісті талаптарды айтып, ескертулер жасады. Бірақ сонда да ережеге бағынбайтындар саны жетерлік. Белсенділер жуық арада басқа да базарларды аралап шықпақ. Себебі онда қойылған ортақ антисептикалық құрал істен шыққан.
«Біздің бірлестікке Алматыдағы 32 базардың өкілдері кіреді. Бірінші түсіндірме жұмысын «Алатау-1», «Батыр» базарларынан бастадық. Басты мақсатымыз – халық санитарлық нормаларды сақтап, бетперде киіп, қолдарын жиі жуып, әлеуметтік ара қашықтықты сақтап жүрсе екен. Сонда ғана бірігіп, бұл індетті жеңіп кете аламыз», – деді «Шағын және орта бизнесті қорғау бойынша тәуелсіз кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Елена Мотькина.