Алматыда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 304 жеделсаты ауыстырылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жедел сатының қолданыс мерзімі – 25 жыл
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Алматыда 304 жеделсаты ауыстырылды. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін тағы 30 алмастырылуы тиіс. Тұрғындарға қолайлы болу үшін жоғары сападағы техника алынған. Жұмыс механизмі ұдайы бақыланып отырады, деп хабарлайды Almaty.tv

Жедел сатының қолданыс мерзімі – 25 жыл. Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы жыл сайын жөнделуі не алмастырылуы тиіс лифттердің тізімін дайындайды. Мәселен, өткен жылы 302 жеделсаты ауыстырылса, 2022 жылы тағы 300 жаңармақ. Жұмыс осы қарқынмен жүрсе, алдағы 5 жылда шаһардың тұрғын үй қорындағы барлық ескірген жедел сатылар ауыстырылады деп жоспарланып отыр. 

«Лифттерді жаңғырту туралы мәселе қозғалған болатын. Сол мәселе қозғалып, тапсырма берілді. Тапсырманы орындау барысында Алматы тұрғын үй саясаты басқармасы көптеген жұмыстар жүргізуде. Үш жылдың ішінде андай-мындау ақаулар болса, өздері жөндейді», – деді қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының бөлім басшысы Хаден Машқанов.

Ал тұрғындар жүргізіліп жатқан жұмыстарға риза. Ескірген жеделсатының ауыстырылғаны күнделікті тіршілігімізге қолайлы деген пікірін білдірді. 

«Ыңғайлы, иә. Іші де жарық. Алдындағысында жарық өшіп қала беретін. Қорықпайсың, жақсы. Сенімді», – деді қала тұрғыны Медет Әділбеков.

«Жаңа лифт кіріп қуанып жатырмыз. Бәрі жақсы істейді. 9-қабатқа дейін көтерілу оңай емес. Сол үшін рахмет!» – деді қала тұрғыны Гүлнәр Асқарқызы.

Новости партнеров