Алматыда қоғамдық жұмыстарға деген сұраныс артты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қала тұрғындары мұнда жұмыс іздеп арнайы келеді. Біз әлеуметтік желілер, түрлі ақпараттық ресурстар, Жетісу ауданы әкімі аппаратының ресурстары арқылы хабардар етіп отырамыз», – деді Бауыржан Бірбаев.
Қоғамдық жұмыстар қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді және ол әлеуметтік бағытта пайдалы болып табылады. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы мөлшері 2 АЕК (салықтар мен әлеуметтік аударымдарды есепке алғанда 85 000 тг) құрайды. Бұл бағдарламаға 16 жастан бастап, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар қатыса алады.
«Біз мұнда әкеммен келдік. Зейнетке шыққанға дейін әлі уақыт бар, ал ол жұмыссыз. Біз egov-та жиі отырамыз, әкем жұмыссыз ретінде тіркелген. Бізді жұмыспен қамту орталығы осында шақырды. Қандай құжаттар қажет екенін айтты. Менің әкем бірінші дәрежелі жүргізуші тәжірибесі бар. Ол автобус паркіне жүргізуші болып орналасуды қалайды. Біз өз бетімізше жұмыс табуға тырыстық, бірақ бәрі бекер», – деді қала тұрғыны Станислав.