Алматы қала құрылысы кеңесі қыркүйекте жұмысын бастайды

Almaty.tv
Almaty.tv
Кеңес мемлекеттік органдар қатыспайтын жаңа форматта құрылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімінің тапсырмасымен құрылған қала құрылысы кеңесі 14 қыркүйектен бастап жобаларды қарай бастайды. Бұл туралы шаһар басшысының орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңадан құрылған кеңес құрамына сәулет, урбанистика және экология саласынан тәжірибелі 23 адам енген. Алдағы уақытта қаралатын мәселелердің ерекшелігіне байланысты жиынға өзге де сарапшылар қатыса алады. Айта кетсек, бұл кеңес жүзеге асыруға ұсынылған қала құрылысы және сәулет жобаларын ашық талқылау және шешім қабылдау мақсатында құрылған.

«Қала әкімінің тапсырмасы бойынша қала құрылысы кеңесі қалпына келтірілді. Ең қызығы, мемлекеттік органдар қатыспайтын жаңа форматта құрылды. Шешімді қоғамдық ұйымдардың сарапшылары, қоғам қайраткерлері қабылдайды»,– деді Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов.

Кеңестің төрайымы болып тағайындалған Любовь Нысанбаева мегаполисіміз жайлы әрі қауіпсіз болуы керек.Оның айтуынша, ол үшін ауқымды істер атқару қажет.

«Бүгін бірінші жиын өтті. Бұл – шаһар өміріндегі өте маңызды сәт. Өйткені қала құрылысы кеңесі –жүзеге асыруға ұсынылатын жобалық құжаттаманы қадағалайтын өте қажетті орган. Қазір мегаполисті дамытудың түпкілікті тұжырымдамасы таңдалатын бас жоспарды түзету жұмысын аяқтау бойынша жұмыс жүріп жатыр», – деді қала құрылысы кеңесінің төрайымы Любовь Нысанбаева.

Новости партнеров