|
08.03.2024 | 08:06
3037

Халықаралық әйелдер күні: Алматыда қандай іс-шаралар өтеді

Қаланың барлық ауданында 8 наурызда мерекелік концерт өтеді

Халықаралық әйелдер күні: Алматыда қандай іс-шаралар өтеді Almaty.tv

Алматыда Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар 6 наурыздан басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

- сағат 11:00-де А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Әйел-ана, әйел-нұры ғаламның» мерекелік іс-шара өтеді;

- «Алатау» дәстүрлі өнер театрында сағат 18:30-да «Ән әлемі» хор-концерті өтеді (кіру тегін);

- Алматы музейінде Халықаралық әйелдер күніне орай қазақстандық суретшілердің «Лики Востока» шығармашылық көрмесі ашылды.  Экспозицияда 40-қа жуық кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнер туындылары бар. Көрме дүйсенбіден басқа күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді және 14 наурызға дейін жалғасады.

- 7 наурызда сағат 10:00-де инновациялық шығармашылық орталығында, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Сіздер үшін, махаббатпен» атты мерекелік концерт-спектакль өтеді. Сондай-ақ сағат 15: 00-де аудан тұрғындары үшін мерекелік концерт өтеді.

- дәл осы күні сағат 15:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Анаға тағзым» мерекелік музыкалық кеші өтеді (кіру тегін);

- Мемлекеттік қуыршақ театрында 10 наурызда сағат 14:00-де «Анасын іздеген Мамонт», ал 16:00-де «Мамонт үшін Ана» спектаклі өтеді;

- Мемлекеттік қуыршақ театрында 10 наурызда сағат 14:00-де «Анасын іздеген Мамонт», ал 16:00-де «Мамонтенканың анасы» спектаклі көрсетіледі.

 Қаланың барлық ауданында 8 наурызда мерекелік концерт өтеді:

- Әуезов ауданында  11:00 -де «Family» саябағындағы аллеяда мерекелік концерт болады.

- Наурызбай ауданында сағат 11:00-де аудан тұрғындары үшін Шұғыла шағын ауданы, 347 мекенжайда салтанатты іс-шара ұйымдастырылады.

- Алатау ауданында сағат 11:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының аумағында жаппай мерекелік іс-шара өтеді.

- Жетісу ауданында сағат 10:00-де аудандық Арбат аумағында Айнабұлақ, 2 мекенжайы бойынша салтанатты концерт өтеді.

- Алмалы ауданында сағат 11:00-де Жібек жолы даңғылында цирк әртістерінің, қуыршақ театры актерлерінің және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама өтеді.

Сонымен қатар, Ганди атындағы саябақта ұлттық спорт түрлері бойынша шеберлік сабағы, балуандардың, акробаттар мен ММА спортшыларының құттықтау трюктері, мәдениет және өнер қайраткерлерінің қойылымдары, театрлық қойылымдар, музыкалық нөмірлер мен спектакльдер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мұнда қолөнершілер, гүлдер жәрмеңкесі және кітап баспаларының көрмесі ұсынылады.

- Түрксіб ауданында сағат 11:00-де Халықаралық әйелдер күніне орай С.Сейфуллин даңғылы, 13/1 мекенжайы бойынша №6 Оқушылар үйінде мерекелік іс-шара өтеді.

- Бостандық ауданында сағат 12:00-де «Атакент» КҚКО аумағында мереке құрметіне аниматорлардың, эстрада әртістерінің, би ұжымдарының, сиқыршылардың, сондай-ақ түрлі шоулардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Сондай-ақ мұнда қолөнершілер жәрмеңкесі, гүлдер, қолдан жасалған бұйымдар көрмесі және қыш шеберханасы ұсынылады.

- Медеу ауданында сағат 11:00-де Оқушылар сарайының аумағында Достық даңғылы, 124 мекенжайы бойынша мерекелік іс-шара өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир