Алматыда мамыр айындағы мерекелер қалай аталып өтіледі

27.04.2022 в 01:54

50-ге жуық ірі мәдени шара ұйымдастырылады

 Алматы - мәдениет ошағы. Биыл мамырдағы мерекелерді қаламыз ерекше атап өтпек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен алдымызда келе жатқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 50-ге жуық ірі мәдени шара ұйымдастырылады. Қала әкімдігі қазір қызу дайындық жүмыстарына кіріскен. Осы іс-шаралар туралы толығырақ білу үшін Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаевтың сұхбатын төмендегі сілтемеден көре аласыздар.