Алматының бас санитарлық дәрігері Қаулыға өзгерту енгізді: демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істейді

Алматының бас санитарлық дәрігері Қаулыға өзгерту енгізді: демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істейді
Ойын-сауық мекемелері, кинотеатрлар букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж. Бекшин  15.08.2020ж. №56 «Шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Almaty.tv. 


Қаулы етемін:

1. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15.08.2020 ж. №56 «Шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін»:

1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және тағы басқалар), кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салу»;

2) 1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

-«алдын ала жазылу бойынша, ҚР БМСД №43 қаулысының талаптарын сақтай отырып, балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат беру, топты толтыру кезінде – 15 адамнан артық емес»;

- «ҚР БМСД №43 қаулысының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беру. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50% - ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болған кезде)»;

- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  ҚР Кодексіне сәйкес, жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері (ойын-сауық бағдарламалары болған жағдайда) 9:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, ҚР БМСД №43 қаулысының талаптарын сақтай отырып, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, үй-жайларда 50 отыратын орыннан аспайтын, ашық ауада 50 отыратын орыннан аспайтын қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру. Жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері 9:00-ден 23:00-ге дейін алып кетуге және жеткізу қызметіне рұқсат етіледі»;

- ҚР БМСД №43 қаулысының талаптарын сақтай отырып, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, жұмыс режимі сағат 05:00-ден 23:00-ге дейін жеке тұрған ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (асханалар, кофеханалар, дәмханалар және т. б.) қызметіне рұқсат беру;

- ҚР БМСД №43 қаулысының талаптарын сақтай отырып, толтырылуы 50 орыннан аспайтын, сауда-ойын-сауық орталықтарының жекелеген үй-жайларында орналасқан (фуд-корттарды қоспағанда) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру;

- маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беру;

- жұмыс кестесін сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгілеп, ҚР БМСД №43 қаулысының талаптарын сақтай отырып, автосалондардың, автобөлшектер дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу) станцияларының қызметіне рұқсат беру;

- маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, «Қазпошта» «Алматы почтамп» АҚ АФ қызметіне рұқсат беру;

3) 1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мынадай шектеу шараларын енгізу:

– оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;

– азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұру»;

2. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мынадай объектілердің қызметіне рұқсат беру:

- сұлулық салондары; шаштараздар; жазба бойынша косметологиялық кабинеттер;

- СПА-салондар; фитнес-орталықтар және спорттық-сауықтыру орталықтары;

- монша, сауна;

-ашық ауадағы аттракциондар;

- азық-түліктік емес сауда желілері.

«Пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» талаптарының сақталуы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16.09.2020 жылғы  «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №53 қаулысының Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» №43  қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жүргізілсін»:

1) 24-қосымшада Пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелеріндесанитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмінің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде (бұдан әрі – ҚАЖ мекемелері) жатқан адамдарға мынадай талаптар сақталған жағдайда белгіленген тәртіппен туыстарымен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер беруге рұқсат етіледі:

1) ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге келген туыстардыңалынған сәтінен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткентеріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты беруі;

2) ұзақ кездесуге ересек бір адамнан асырмай рұқсат беру;

3) ҚАЖ мекемелеріне ұзақ және қысқа мерзімді кездесуге келген барлық адамдардың дене температурасын өлшеу және сауалнаманы толтыра отырып, сауал алу, кейіннен ұзақ мерзімді кездесудегі адамдарға күнделікті термометрия жүргізу;

4) ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер берген кезде ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің, арнайы контингенттің және олардың туыстарының маска режимін сақтауы;  

5) ҚАЖ мекемелерінің ұзақ кездесу болатын бөлмелерінде вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кейіннен желдетіп және кварцтап, күніне 2 реттен сиретпей ағымдағы жинауды тұрақты түрде жүргізу;  

6) ұзақ уақыт кездесу берілген сотталғандарды 14 күн бойы карантинге жатқызу.».

2)33-қосымшаның ІІІ бөлімінің 1.1-тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын;

3)33-қосымшаның ІІІ бөлімі мынадай мазмұндағы 1.4-тармақпен толықтырылсын:

«COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес клиникалық көрсетілімдер бойынша адамдар».

4.Қазақстан Республикасына ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы темір жол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келетін адамдарды бақылау және оларға қатысты іс-шараларды жүргізу Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16.09.2020ж. «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №53 қаулысының, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 маусымдағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" №42 қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жүргізілсін»:

- Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын адамдарды  қоспағанда, ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінентеміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпелерден келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

- локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол, теңіз және өзен көлігінде тасымалдау қызметімен байланысты адамдар және жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес термометриядан және сауалнама алудан өтеді. Дене температурасы қалыпты шектегі адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат ала отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндірме жүргізіледі, олар межелі жеріне дейін жол жүруді жалғастырады. Дене температурасы жоғары адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін провизорлық стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексерудің нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижесі бар адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат ала отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндірме беріледі»;

2) 7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына 12-қосымшаға сәйкес әуежайлар жұмысының алгоритмін сақтаудықамтамасыз етсін.»;

3) 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

5. Осы қаулы барлық жеке және заңды тұлғалардың, кәсіпкерлік субъектілерінің ұйымдық-құқықтық нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орындауы үшін міндетті.

6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері    Ж. Бекшин


Новости партнеров