Алматы әкімдігінде ипотекалық қарыз алғандарға көмек көрсету мәселесі бойынша кеңес өтті

Фото: novoetv.kz
Фото: novoetv.kz
Агенттік үш бағыттан тұратын негізгі бағдарламаның жүзеге асырылу барысымен таныстырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімдігінде ипотекалық қарыз алғандарға көмек көрсету мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. С. Қиқымов ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бастап Қазақстан Ұлттық Банкі Агенттігімен бірлесіп жүзеге асып жатқан ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) орындау бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі –  агенттік) өкілдерімен және проблемалық тұрғын үй ипотекалық қарыз бойынша қоғамдық бірлестік көшбасшыларының қатысуымен онлайн кездесу өткізді.

Жиында қарыз алушылардың екінші деңгейлі банктерге өтініш беру кезінде кездесетін мәселелер және берілген өтінімдерді қарау мерзімдері талқыланды.

Агенттік үш бағыттан тұратын негізгі бағдарламаның жүзеге асырылу барысымен таныстырды.

2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда бағдарламаның бірінші бөлігі аясында 171 млрд тг сомаға 28 мың қарыз қайта қаржыландырылды. Қарыз алушылардың сыйақы, комиссия, 154,3 млрд тг сомасындағы тұрақсыздық бойынша берешегі кешірілді.

Азаматтардың валюталық ипотекалық қарызын айырбастау бойынша бағдарламаның екінші бөлігі 2020 жылы аяқталды. Жалпы сомасы 132,1 млрд тг 13,8 мың валюталық ипотекалық қарыз айырбасталды. Қарыз алушылардың сыйақы, комиссия, 109,3 млрд тг сомасындағы тұрақсыздық бойынша берешегі кешірілді.

Агенттік жұмысының нәтижесі бойынша банктермен бірлесіп бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін халықтың валюталық ипотекалық қарыздарының 100%-ы жеңілдікті бағам бойынша теңгеге айырбасталды және азаматтар болашақта валюталық қауіп-қатерден қорғалды.

Қазіргі уақытта ХӘОТ санаты бойынша қарызды бағдарлама шеңберінде бұрын қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларды, сондай-ақ ипотекалық қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау есебінен жалғыз тұрғын үйі банктердің балансына өткен азаматтарды қолдауға бағытталған бағдарламаның үшінші бөлігі іске асырылуда.

Банктерге қарыз алушының қаржылық және әлеуметтік жағдайын талдау негізінде негізгі борышты азайту түрінде борыш жүктемесін жеңілдетудің қосымша тетіктерін жеке тәртіппен қолдану, қарыз алушының табысын ең төменгі күнкөріс деңгейінен сақтай отырып, 20 мың теңгеден басталатын ай сайынғы төлеммен жеңілдік кестелерін белгілеу құқығы берілді.

Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер және алименттер де кіріс ретінде танылмайды.

Банктің балансында тұрған жалғыз тұрғын үйді қарыз алушының меншігіне қайтару мақсатында қаржы институттарына қарыз алушыны жылдық мөлшері 3% сыйақы бойынша қаржыландыруды жүзеге асыру не оған тұрғын үйді кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға беру құқығы беріледі.

Бүгінде 14,0 млрд тг сомасына 1,5 мыңнан астам қарыз алушыға қосымша көмек көрсетілді.

Ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету мерзімі 2021 жылдың 1 шілдесінде аяқталады.

Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін қарыз алушылар борыш жүктемесін азайту үшін 2021 жылғы 1 маусымға дейін несие беруші банктерге жүгінуі қажет.

Банк қосымша көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда қарыз алушылар бағдарлама шеңберінде банктердің қарызды қайта қаржыландырудан бас тартуына қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссияға жүгінуге құқылы.

Агенттіктің сайтында қарыз алушылармен өзара іс-қимыл жасау үшін комиссиялардың, сондай-ақ банк қызметкерлерінің байланыс телефондары және ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету мәселесін банктердің қарауы үшін қажетті құжаттар тізімі орналастырылған. Сондай-ақ fingramota.kz сайтында жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар бар. Бағдарлама бойынша «кері байланыс» функциясы мен бағдарламаны іске асыру шарты бойынша сұрақ қою мүмкіндігі бар.

Новости партнеров