|
04.07.2024 | 21:05
292

Алматыда зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын өтті

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен мегаполис әкімдігің өкілдері де бас қосқан кездесуде бірлік пен ынтымақтастық, қоғамдық мәдениет мәселелері талқыға салынды

Алматыда зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын өтті Almaty.tv

Алматыда зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен елдегі реформалар мен ұлттық құрылтайдағы жан-жақты идеяларды түсіндіру бойынша алқалы жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен мегаполис әкімдігің өкілдері де бас қосқан кездесуде бірлік пен ынтымақтастық,  қоғамдық мәдениет мәселелері талқыға салынды. Сондай-ақ жиналғандар көптің көкейінде жүрген сұрақтарды шешуге қатысты ұсыныс білдірді.

«Осындай жұмыстар үнемі жүріп тұруы керек. Іске аса беруі керек. Өйткені, халықтың бірлігі мен тұтастығы - ең бірінші көтерілген мәселе. Біздің байқауымызша, Атырауда өткен құрылтайда көтерілген мәселелер шешімін таппай келе жатыр», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрдәулет Ақыш.   

Биыл наурызда өткен құрылтайда әлеуметтік мәселелермен қатар, кітапхана ісін, креативті индустрияны дамыту бойынша нақты шараларды қолға алу ұсынылған еді. Бүгінгі отырысқа қатысқандар аталған салада жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ ғылыми жаңашылдықтар мен өнерді дамыту бойынша да нақты механизмдер ортаға салынды.

«Ұлттық құрылтай – ол кәдімгі диалог алаңы. Негізгі мәселелердің бәрі сонда көтерілген. Ал бүгінгі мәселе – содан кейінгі жағдай. Әркім өз саласына қатысты мәселелерді іске асырады», – деді Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай.

Оқи отырыңыз: Алматыда домбыра күніне орай «Халық жүрегінің әуендері» кеші өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир