Төтенше жағдайлар департаменті аудандық әкімдіктермен бірге алдын-ала жиі су басатын жерлердің тізімін жасады
10 наурызда 17:00-ден бастап Алматы қаласында жаңбыр жауа бастады. Синоптиктердің хабарлауынша, жауын-шашын шамамен 11 наурызда сағат 13:00-ге дейін жалғасады. Осыған байланысты су басуы ықтимал жерлерде кезекші топтардың жұмысы күшейтілді. Аудандық әкімдіктер мен төтенше жағдайлар қызметі тиісті аймақтарды бақылайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Төтенше жағдайлар департаменті аудандық әкімдіктермен бірге алдын-ала жиі су басатын жерлердің тізімін жасады. Бүгінде күштер мен құралдар (арнайы техника) жүйелі түрде су басып қалуы мүмкін аймақтарға жауын жаумай тұрып жеткізілді.
Қалада уақтылы әрекет ету үшін жеке құрамдағы 5247 адам, түрлі бағыттар бойынша жұмыс жасайтын 776 техника бірлігі, жүзбелі 26 нысандар, 92 мотопомпалар және автономды электр станцияларының 99 бірлігі жедел іске кірісуге дайын.
Сонымен бірге, 10 наурызда сағат 19:00-ге дейін 112 қызметіне су тасқыны туралы ақпарат түскен жоқ.
Еске салсақ, Төтенше жағдайлар департаментінде хабарлағандай, 2020 жылы жойылған 9 аумақты, сондай-ақ жаңадан анықталған 6 учаскені ескере отырып, бүгінде қалада су басып қалу қаупі бар 17 аймақ бар.
Қыс басталғалы жауын-шашын кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан әкімдіктерінің коммуналдық қызметтері, 109 құтқару қызметі, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар қызметі тазалауды қажет ететін 1161 км жолдың 1040 км суармалы арық желілерін тазартқанын атап өткен жөн. 200 текше метр қатқыл тұрмыстық қалдықтар, проблемалы аймақтарындағы қоқыстар сыртқа шығарылды, сондай-ақ жалпы ұзындығы 39 км болатын өзен арналарының проблемалы аймақтары тазартылды. Ұзындығы 1600 метрден асатын Қарғалы өзенінің түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді.