Алматыдағы «Сары-арқа» және «Достық» стансалараның құрылысы қалай жүріп жатыр

13.02.2021 в 02:14

Осы жылдың аяғына дейін мұнда негізгі құрылыс және көріктендіру жұмысын толығымен аяқтау жоспарланып отыр

Алматыда «Сары-арқа» және «Достық» стансалараның құрылысы қызу жүріп жатыр. Осы жылдың аяғына дейін мұнда негізгі құрылыс және көріктендіру жұмысын толығымен аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы метрополитенінің басшысы Сағындық Тоқтасынұлы мәлімдеді. Алдағы уақытта бекеттерді безендіру, құрылыстарды инженерлік қамтамасыз ету, жолдың жоғарғы құрылысын қалау сынды шаруалар жасалады. Метро бекеттеріндегі әрлеу жұмыстарын Almaty.tv тілшісі Сая Меңдеке көріп келді. 

Құрылысы 2015 жылдың аяғында басталған екі бірдей метро бекетінің құрылысы қазір қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда «Сары-Арқа», «Достық» бекетіндегі әрлеу жұмыстары басталып та кеткен.

«Сары-арқа» мен «Достық» бекетінің ұзындығы 3,1 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда «Сары-Арқа» бекетінің негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, әрлеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, ішкі конструкция құрылыстары да толығымен аяқталып, гранит төмеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді «Метрополитен» КМК-нің басшысы Сағындық Телібаев.

Метро бекеттерінің құрылысына «Алматыметроқұрылыс» бас мердігер компаниясынан шамамен 200-ден астам адам тартылған. Олар мұндағы ішкі құрылысты, бекеттік тоннельдерді қазуды толығымен аяқтаған.  

«Қазір әрлеу, электр желілерін монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Жабдықтар орнатылатын қызметтік кабинеттерде, диспетчерлік бөлмеде сәулет-өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Көріктендіру жұмыстары басталғанда біз бұл іске тағы 100 шақты жұмысшыны жұмылдырамыз. Материалдар бәрі әкелінді», – деді «Алматыметроқұрылыс» АҚ бас директоры Нұрлан Сембиев.

Ал ұзындығы 2 жарым шақырымға жуық «Қалқаман» бекетінде қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде. Одан кейін, паннельді құру жұмыстары басталады.

Сая Меңдеке, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы.