|
06.10.2020 | 21:19
1977

Алматының Наурызбай ауданында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында қандай жобалар жүзеге асты

Былтыр Наурызбай ауданы тұрғындары ұсынған 32 жобаның 8-і үздік деп танылған

Алматының Наурызбай ауданында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында қандай жобалар жүзеге асты

«Бюджетке қатысу» жобасының 1-кезеңінде қаланы көріктендіруге 1 миллиард 400 миллион теңге бөлінген еді. Ақтық дауыс беру кезінде аса қажет деп танылған 55 жоба қалай жүзеге асырылды? Бөлінген қаржы толықтай игерілді ме? Жоба төңірегінде Наурызбай ауданындағы салынған нысандарды Almaty.tv тілшісі Сымбат Ноғай көріп қайтты.

Былтыр Наурызбай ауданы тұрғындары ұсынған 32 жобаның 8-і үздік деп танылған. Жалпы сомасы 129 миллион теңге болатын нысандардың қатарында футбол және баскетбол алаңы бар. Бүгінде 300 балаға арналған спорт кешендерінің құрылысы толығымен аяқталған.

«2020 жылы тұрғындардың тарапынан көбінесе балалардың ойын алаңдарын құрастыру немесе жөндеу жұмыстары бойынша, одан бөлек есік алдындағы тротуарлар, арық жүйелерін құрастыру бойынша және де жаңағы workout зоналарды құрастыру бойынша жобалар ұсынылды», – деді Наурызбай ауданы қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы Ержас Әбдірахман.

Наурызбай ауданында бұрын-соңды кітапхана мүлдем болмаған. Жергілікті тұрғындардың өтінішімен 2 залдан тұратын мына отбасылық оқу кітапханасы пайдалануға берілді. «Бюджетке қатысу» жобасы аясында ашылған мекеменің қорында жалпы 8,5 мың кітап бар.

Кітапхананың қоры қазақ тіліндегі туындыларға бай. Сондай-ақ, 24 оқырманға арналған оқу залында Wi-Fi жүйесі орнатылған. Кітапқұмар тұрғындардың арасында көркем әдебиет жанрына сұраныс жоғары екен.

«Оқырмандар өте көп. Енді мына қазір карнатинге байланысты біз көбінесе онлайн, яғни алдын-ала жазылып, онлайн өткізіп жатырмыз. Кітаптарды береміз, қабылдап аламыз. Күніне бұрын 20-25 келсе, қазір енді 15-18 оқырман келіп жатады», – деді Наурызбай ауданы «Отбасылық оқу кітапханасының» бөлім меңгерушісі Бақыт Сауранбаева.

Ал Қалқаман ықшамауданындағы «Jas tolqyn» атты өнер орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл мекемені салуға 15 миллион теңге бөлінген еді. Балалар орталықта түрлі музыкалық аспап түрлерін меңгеріп, сурет салып, актерлік шеберліктен сабақтарына қатыса алады.

«Осы жерде тұрып жатқаныма 15 жылдай болды. Қуанып жатырмыз. Жақында жастар өнер орталығы ашылады екен. Ол жерге өзімнің балаларымды беретін болдым. Себебі жаңағы тегін музыкалық үйірмелер, сурет салудан, домбырадан және фортепиано бойынша ашылады екен», – деді қала тұрғыны Венера Мұхаманова.

Айта өту керек, былтыр әр ауданға 500 миллион теңге қаражат бөлінген еді. Нәтижесінде жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын 55 жоба жүзеге асырылды. Ал бір жобаның  шектік құны 55 миллион 500 мың теңгеден аспаған.  

Сымбат Ноғай, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир