Алматыда «Алатау аналары» қоғамдық қоры концерт өткізді

Алматыда «Алатау аналары» қоғамдық қоры концерт өткізді
«Алатау аналары» қоғамдық қоры 42 көпбалалы ананың жұмысқа тұруына мұрындық болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алатау аналары» қоғамдық қоры өз жұмысын саралап, концерт өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерекелік іс-шараға аудан әкімі, білім бөлімі мен мәдениет басқармасының өкілдері және әнші Мейрамбек Беспаев қатысты. Жиналғандар қордың 4 ай ішінде атқарған жұмыстарымен танысты. Көпбалалы аналардың тігін үйірмесінде үйренген қолөнер туындылары, бет әрлеу сабағында қалыптастырған дағдылары мен бүлдіршіндердің  өнері көпшілікті тәнті етті. Алатау ауданы тұрғындарына қолдау көрсетіп отырған бұл мекемеде түрлі бағыттағы 15 тегін үйірме бар. Айта кету керек, «Алатау аналары» қоғамдық қоры 42 көпбалалы ананың жұмысқа тұруына мұрындық болған.

«Өтіп жатқан іс-шара өте керемет. Өнерге деген, еңбекке деген баулитын бұл орталықтың жұмысы шынымен де халыққа берері өте көп. Сондықтан да осы ашылып жатқан игі орталықтың жемісі жеңісті болсын дейміз», – деді қалалық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлиев.

«Алатау аналары» қоғамдық қорының үйірмелері көпбалалы аналардан бөлек, мектеп жасындағы оқушылар үшін де қолжетімді. Балалардың әуезді әні мен мың бұралған биі тәнті етті дейді Мейрамбек Бесбаев.

«Өте қуаныштымын! Осыған баулып жатқан, осы игі іс-шараның айналасында жүрген қаншама азамат  солардың бәріне алғыс айтамын. Болашақта елімізді танытатын үлкен өнерпаздар шыға берсін! Біз соған қуанып, тамсанып жүре берейік», – деді әнші Мейрамбек Бесбаев.

Новости партнеров