Алматыда тегін автотұрақты пайдаланушылардың тізімі кеңейтілді

Құжат 26 наурызға дейін қоғам талқылауында болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тегін автотұрақты пайдаланушылардың тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін тәжік-ауған шекарасындағы ұрысқа қатысқан ардагерлер арнамызға хабарласып, автотұрақтардың тегін болуын сұрап еді. Бұл сұрақ шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың халықпен өткізген есеп беру кездесуінде де көтерілген. Енді арнайы қаулы қабылданғаннан кейін, келесі санаттағылар тізімге енбек.

 Онда: басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери операцияларға қатысушы ардагерлер; 

 туа біткен мүгедек баланың және мүгедек балалардың заңды өкілдері; 

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» медалімен марапатталған көпбалалы аналар; 

Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдар; 

электрмен жүретін көліктер енеді. Айта кету керек, құжат 26 наурызға дейін қоғам талқылауында болады.

Новости партнеров