|
25.06.2020 | 22:01
4770

Санитария мамандарын бетпердесіз қарсы алған дәмхана иесін қандай жаза күтіп тұр

Санитарлық талаптар мүлде сақталмағыны анықталды

Санитария мамандарын бетпердесіз қарсы алған дәмхана иесін қандай жаза күтіп тұр Аlmaty.tv

Тұтынушыларға қызмет көрсетушілер тек маска тағып медициналық қолғап киюмен шектелмеуі тиіс. Бүгін Әуезов ауданындағы санитар мамандар шағын және орта бизнес нысандарына тексеру жүргізу барысында осындай ескертулерді айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал дүкен иелері қаланың бас санитары бекіткен қаулыдан мүлде хабарсыз екен. Солай бола тұра, осы күнге дейін көпшілікке қызмет етіп келген. Карантин кезіндегі тәрітіпке бағынбайтындарды не күтіп тұр?

Ашық алаңда орналасқан бұл дәмхана иесі тосыннан келген санитария мамандарын күтпеген болуы керек, комиссия құрамын бетпердесіз қарсы алды. Тек ескертуден кейін ғана сөмкесінен алып тағып жатты. Бастапқыда камерамен түсірмеңіз деп шағымданған оның шағын дәмханасында санитарлық талаптар мүлде сақталмағыны анықталды. Тепловизор мен қоса қызметкерлердің дене қызуын өлшеп жазатын журнал да болмай шықты.

Оқиға орнынан:

– Тепловизор жоқ, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмеген, маскаларыңыз мүлдем жоқ.

– Иә, аламыз.

Ал, бұл дәмхана иесі тексеру тобына неге ескертусіз келесіздер деп шағымданды. Талап бойынша ішкі санитария  жұмыстарына тамақтану орынының әкімшісі жауап беру қажет болса, ал мұнда ол міндеттің барлығы даяшыға жүктелген. Тексеру тобы жұмыс орынындағы тепловизорды тексермек болып еді, ол құрылғы істен шығып қалыпты.

Сондай-ақ, бүгін рейдтік топ Алатау ауданындағы қызмет көрсету орындарын да тексерді. Алдымен аудандағы ірі өндіріс орынына барған тексеру тобы қызметкерлердің негізгі алгоритмдерге сай жұмыс істеп жатқанын көрді. Тіпті, қорғаныс құралдары талап етілген мөлшерден де көп болып шықты. Комиссия құрамы ескерткен негізгі қателік – тұтынушылар көп келген жағдайда олардың кедергісіз кіріп шығуы дұрыс ұйымдастырылмаған.  

Алатау ауданында күніне 25 бизнес нысандары тексеріледі. Талапқа сай келмейтін орындарға алдымен әкімішілік-хаттама толтырылады. Ескертуді елемеген дәмхана иелерінің ісі одан әрі сотқа кетеді. Одан кейін оларға салынатын айыппұл көлемі мен жұмыс істеу уақытын сот белгілейді.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир