Басты мақсат – жастарға болашақта мамандық таңдауға көмектесу
Алматыда мамандар тапшылығын азайтуға бағытталған Jastar Skills-2021 шағын чемпионаты өтті. 5 күнге жалғасқан байқау әлемдік World Skills-тың регионалды баламасы, деп хабарлайды Almaty.tv
Шара қалалық жастар саясатын дамыту қорының, қоғамдық даму және білім басқармаларының бастамасымен іске асты. Басты мақсат – жастарға болашақта мамандық таңдауға көмектесу. Чемпионаттың 5-күні мемлекеттік технология және флористика колледжінде өтті. Ерекше білім алу қажеттілігі бар студенттер гүл өсіру бойынша бақ сынасты. Сайыс жеңімпаздарына марапат қағаздары мен тұрмыстық техника сыйға тартылды.
«Жону ісі, дәнекерлеу ісі, аспаз ісі, шаштараз өнері және міне флористика мамандығы бойынша жарысып жатыр. Бірінші этабын онлайн өткізген болатынбыз. Өтінім қабылдауға колледж көмектесті. Финалы офлайн өтіп жатыр. Алғыс хат беріп, сыйлық сыйлаймыз. Бұл қатысушылардың болашақта портфолиясына бір көмегін тигізет іні сөзсіз», – деді Қалалық жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Ауғанбаева.