|
06.05.2021 | 22:24
2704

Жаңа оқу жылындағы жаңа білім ордалары

Алматыда 8 жаңа мектеп пен 17 қосалқы ғимарат пайдалануға беріледі

Жаңа оқу жылындағы жаңа білім ордалары

Алматыда жаңа оқу жылында 8  жаңа мектеп пен 17 қосалқы ғимарат пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның ішінде Бостандық ауданындағы №199 гимназия жанынан жаңа бой көтерген жапсарлас білім ордасының құрылысы аяқталуға жақын. Бейнелеу өнері саласындағы дарынды балалар мектебінде 900-ге жуық оқушы білім алатын болады.

Гимназияда негізгі мектеп пәндері мен бейнелеу және қолданбалы өнер негіздері, сондай-ақ, итальян тілі тереңдетіп оқытылады. Өнер ордасы 3 жыл ішінде жақсы көрсеткіштерге жеткендіктен алматылық ата-аналардың көпшілігі балаларының осы оқу орнында дәріс алғанын қалайды.

«Балалар кешке дейін оқығандықтан, біз бұл ғимаратқа сыймаймыз. Әкімдіктен бізге қосымша ғимарат салып беруін сұрадық. Енді Алматы қаласының әкімдігіне алғысымыз шексіз», – деді №199 мамандырылған гимназияның директоры Сандуғаш Нышанова.

Мектептің жанындағы қосалқы ғимараттың құрылысы былтыр мамырда басталған. Қазір мектеп тек 9-сыныпқа дейінгі 430 баланы қамтуға қауқарлы. Ал, қосымша білім ордасының құрылысы аяқталған соң мұнда 11 сыныпқа дейінгі 900 бала оқи алады. Сондай-ақ, мұғалімдер үшін жаңа бос орындар ашылмақ.

«Бүгінде ғимаратта әрлеу жұмыстары жүруде. Жақын арада мектеп айналасын абаттандыруды бастаймыз. Яғни, жасыл-желек отырғызып, орындықтар мен шамдар қоямыз. Құрылыс жұмыстары тамызда аяқталады», – деді Жайлы қалалық орта басқармасының бас маманы Ерген Ергебеков.

Сондай-ақ, биыл мегаполсите 12 600 орынға арналған 8 жаңа мемлекеттік мектеп салынады. Ал, 4 мектептің жанынан жаңа қосымша оқу ғимараттарының құрлысы басталады.

Сымбат Ноғай, Сағынғали Мұңайтбасов «Алматы» телеарнасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир