Көктемгі қар: Алматының таңғажайып келбеті – фоторепортаж

Фото: Досжан Балабекұлы
Фото: Досжан Балабекұлы
Көктемнің бірінші айында жауған ақ ұлпа қардың көрінісін алматылық фотограф көрермен назарына ұсынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыға қар түсті. Кешке басталған жаңбыр қарға араласып, ертеңгісін ағаш басын ақ қырау шалды.

Қалада 2 см, тау бөктеріндегі ауданда – 8-10 см, ал таулы аудандарда 10-15 см қар жауған.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға 376 тонна арнайы материал төгілді.

Коммуналдық қызмет өкілдері тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы пайдалану орындарын күшейтілген режимде тазалады.

Көктемнің бірінші айында жауған ақ ұлпа қардың көрінісін алматылық фотограф көрермен назарына ұсынады.

Биылғы Наурыз мейрамы қала тұрғындарын ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сергіте қоймады. Дегенмен жергілікті тұрғындар табиғаттың тосын мінезін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялап, көпшілікпен бөлісті.

Келесі аптадан бастап күн жылып, Алматыға көктем келеді дейді синоптиктер.


«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, ауа температурасы күндіз 0-ден 2 градусқа дейін плюс белгісімен, түнде 1-ден 3 градусқа дейін минус белгісімен болады. 24 наурызда күндіз, сондай-ақ 25 және 26 наурызда жауын-шашын күтілмейді.


Новости партнеров