Ержан Бабақұмаров Алматының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді

Ержан Бабақұмаров Алматының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді
Қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, медициналық ұйымдарды мамандармен қамтамасыз ету деңгейі, ана мен бала өліміне, онкологиялық аурулардан және қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімге қарсы күрес бөлігінде мегаполистің денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің, сондай-ақ қаланың медициналық ұйымдарының бас дәрігерінің қатысуымен бейнеконференция байланыс арқылы кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, медициналық ұйымдарды мамандармен қамтамасыз ету деңгейі, ана мен бала өліміне, онкологиялық аурулардан және қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімге қарсы күрес бөлігінде мегаполистің денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Алматыда 74 мемлекеттік медициналық ұйым, 13 республикалық және 90 жеке меншік, 1383 алғашқы медициналық-санитарлық көмек учаскелері жұмыс істейді. 6046 дәрігер және 12 969 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау жүйесі тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі халықтың медициналық қызметтерге қанағаттануы болып табылады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 5%-ға артып, 54,3%-ды құрағанына қарамастан, пациенттер медициналық қызметкерлер тарапынан болатын дөрекілікке, тегін дәрі-дәрмектердің болмауы немесе беруден бас тарту, тіркеуден бас тарту, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, ауруханаға жатқызудан бас тарту фактілеріне шағымдануды жалғастыруда. Мұндай кемшіліктер №4, 8, 11, 12, 17  емханаларға  және №7, 4, 2 қалалық ауруханаларға қатысты, осы мәселелерге медициналық ұйымдардың басшылары назар аударды.

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров медициналық ұйымдар деңгейінде «алтын сағат» ішінде пациенттермен туындайтын инциденттерді жедел шешуді тапсырды. Сонымен қатар, бас дәрігерлер медициналық қызметкерлерді коммуникациялық дағдыларға үйретуді ұйымдастырып, медициналық қызмет көрсету стандарттарын сақтауы керек. Бұл ретте, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберіндегі қызмет пен көрсетілетін қызметтер туралы барлық ақпарат медициналық ұйымдардың сайттарында жариялануға тиіс.

Медициналық қызметтердің сапасы кәсібилік деңгейіне және кадрлармен жасақталуына тікелей байланысты. 2020 жылы мамандар тапшылығы 30%-ға қысқарды. Медициналық қызметкерлер кадрларының жетіспеушілігін толтыру мақсатында Ержан Бабақұмаров медициналық ұйымдарды мамандармен қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді болжамын қалыптастыруды және әлеуметтік қолдау шараларын қамтитын «жол картасын» әзірлеуді, медициналық қызметкерлерді, оның ішінде сала мамандарын даярлауға гранттарды ұлғайтуды тапсырды.

Ана мен бала денсаулығын қорғауға қатысты Алматыда өткен жылы жүктілік мерзімі 12 аптаға дейінгі 44 818 әйел есепке алынды, бұл 82%-ды құрайды. Бақылаумен ерте қамту жүктілік пен босану кезіндегі мүмкін болатын асқынуларды болжауға мүмкіндік береді, әртүрлі қауіптерді азайтады.

Кеңес барысында перинаталдық буынның барлық кезеңдерінде жұмысты ұйымдастыру бойынша менеджменттегі кемшіліктер айтылды. Осыған байланысты, ана мен бала өлімін азайту мақсатында қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров жүктілікті бақылаудың барлық деңгейлеріндегі өзара іс-қимылды күшейтуді, бақылау және босанғаннан кейінгі кезеңде МСАК патронаждық қызметінің тиімділігін арттыруды тапсырды.

Новости партнеров