|
29.10.2020 | 22:14
5525

Алматыда аз қамтылған отбасыларға 300 мыңнан аса киім-кешек пен спорт құралдары таратылады

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында өтіп жатқан игі шара қалалық Мемлекеттік активтер басқармасы ұйымдастырған

Алматыда аз қамтылған отбасыларға 300 мыңнан аса киім-кешек пен спорт құралдары таратылады Almaty.tv

Қаладағы аз қамтылған отбасыларға 300 мыңнан аса киім-кешек, ойыншықтар және спорт құралдары таратылады. «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында өтіп жатқан игі шара қалалық Мемлекеттік активтер басқармасы бастамасымен ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Киім-кешектер мекеме қызметі барысында қылмыстық фактілер негізінде құқықбұзушылардан тәркіленіп алынған. Айта кетейін, басқарма төтенше жағдай кезінде тұрмысы төмен жандарды мыңнан аса аяқ киім түрімен қамтамасыз еткен.  

«Біз коммуналдық меншікті иелену және пайдалану процесін  басқарамыз. Мекеме Алматы қаласының коммуналдық меншігіне мүлікті сату немесе пайдалану қағидаларына сәйкес тәркіленген және иесіз мүлікті қабылдайды. Мен елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты қала басшылығына халықтың әлеуметтік осал топтарына мүліктерді өтеусіз негізде таратуды ұсындым», – деді қалалық Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев.

Киім-кешектер шаһардағы 8 ауданға жіберілді. Әр аудан әкімдігі көмекке зәру жандардың тізімін жасап, қажет деп тапқан мұқтаж жандарға таратады.

«Бұл қайырымдылық шарасы осыдан бір ай бұрын басталды. Елдегі карантиндік ахуалға байланысты бізге үлкен көлемдегі киім-кешек, аяқ киім түрлері, спорт құралдары мен ойыншықтар берілген еді. Енді міне бұл қордың барлығын қаланың 8 ауданына жіберіп жатырмыз. Осы орайда жомарт жандарға, еріктілерге үлкен алғыс айтқым келеді», – деді қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бөлім басшысы Рахилям Махпирова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир