Алматыда газбен жүретін тағы 25 автобус қоғамдық бағытқа қосылады

Алматыда газбен жүретін тағы 25 автобус қоғамдық бағытқа қосылады
Олар алдағы 9 наурыздан бастап 86-бағыт бойынша жолға шығады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жаңа автобустардың саны артып жатыр. Бүгін қалаға газбен жүретін тағы 25 қоғамдық көлік келді. Олар алдағы 9 наурыздан бастап 86-бағыт бойынша жолға шығады. Қоғамдық көлікке 90-ға жуық адам сияды. Барлық заманауи құралдармен жабдықталып, бейнекамералар орнатылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Автобус өте ыңғайлы, жайлы етіп жасалынған. Басқару да оңай. Енді жолаушылардың көңілінен шығады деп ойлаймын. Сондықтан да осындай автобус беріп жатқанына алғысым шексіз», – деді автобус жүргізушісі Артак Антонян.

«Бізге биыл сәуір айының соңына дейін 150 автобус келу керек. Қазіргі таңда 50 автобусы келіп  2, 45, 70-бағытта қызмет көрсетіп жатыр. Мына жаңадан келген Golden Dragon маркалы автобустары 12 метрлік», – деді «Алматы электротранс» ЖШС бас маманы Айдос Мұсанов.

Новости партнеров