Алматы – әсем қала: Шаһарымыздың көркем саябақтары

Almaty.tv
Almaty.tv
Бос уақытыңызды тиімді өткізгіңіз келсе, Алматыда қайда барып, қалай демаламын деген сұрақтарды уайымдамасаңыз да болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматы қаласының құрылғанына 1400 жыл толды. 2016 жылы шаhардың мың жылдығы республикалық, тіпті халықаралық деңгейде аталып өткен еді. Арада не бары төрт жыл өтсе де, көптеген оң өзгерістерді байқауға болады. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын толығырақ айтып берсін. 

Бос уақытыңызды тиімді өткізгіңіз келсе, Алматыда қайда барып, қалай демаламын деген сұрақтарды уайымдамасаңыз да болады. Себебі дәл қазір сіздерге қаладағы ең көркем деген саябақтар туралы ақпарат береміз.

Қаланың бірегей табиғи көрінісін және ХХI ғасырдың ғылыми жетістіктерін көргіңіз келсе, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент саябағына барсаңыз болады. Мәдени орталық 2010 жылдың шілдесінде ашылды. Қаладағы ең ірі бас бұрқақ та осында орналасқан. Сыйымдылығы 2820 текше метрді құрайды.

- Осындай саябақтарға жие келесіз ба?

- Жетісайдан Алматыға қонаққа келдім, бәрі ұнап жатыр.

- Бала-шағамызбен жиналып, жиі келіп тұрамыз.

- Иә, саябақта таза ауада серуендеп, адамдармен танысқанды ұнатамын.

Қаладағы келесі көркем жерлердің бірі – Медеу ауданындағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы. Орталық алаңда көгершіндер қолыңыздан шемішке шоқып жейді. Дәл осындай көрініс ондаған жыл бұрын да болған. Тамаша дәстүр әлі де сақталып келеді. Дегенмен саябақтың демалу аумағы айтарлықтай өзгерген. Жазда ролик, қыста коньки тебетін алаңдар бар. Ақсақалдардың шахмат ойнайтын жері де заманауи келбетке ие болды.

Саябақ 18 гектар аумақты алып жатыр. Мұндағы негізгі ерекшелік түгелдей жасыл желекке оранған. Саябақта таулы аймақта өсетін үйеңкі, қарағай және шырша секілді әдемі ағаштарды байқауға болады.

- Басқа қаладан туысқаның немесе достарың келсе, Алматының қай жеріне апарып қыдыртар едің?

- Осы ҚР Тұңғыш Президент паркі, Арбат жаққа және Mega park-қа апаратын едім.

- Mега, Достық плаза және осы паркке алып келер едім.

- Көктөбе, Медеу, одан басқа Үлкен Алматы бар.

- Әлемде осы екі тал Шарын шатқалы бар. Ол жерде өте керемет суреттер жасауға болады және ол жерде кімнің қаншалықты төзімді екенін аңғаруға болады, экстрималды.

Қаланың ең көрікті мекені саналатын тағы бір мәдени ошақтардың бірі – орталық саябақ. Ол сонау 1928 жылы құрылып, содан бері үнемі көркейіп келеді. Арада бір ғасыр өтсе де, отбасымен келіп серуендеуге таптырмас орын.  

- Осыдан бес жыл бұрын Алматы қандай еді? Қазіргі қала мен бұрынғы қаланы қалай салыстырар едіңіз?

- Алматы жылдан-жылға көркейіп келе жатыр. Метромызбен мақтана аламыз, басқа қалаларға қарағанда.

- 5 жылдың ішінде Алматымыз көркейіп кетті. Салыстыруға келмейді ескі қаламызбен.

- Айырмашылықтар көп. Жаңадан үйлер салынып жатыр. Өте тамаша.

Бүгін қала күнімен тұспа-тұс келген, шаhар тұрғыны Меруерттің де туған күні. 9 жасқа толып жатқан бүлдіршін туған күнін достарымен көңілді атап өту үшін, орталық саябақта арнайы келіпті.

- Алматы күнімен баршаңызды құттықтаймын. Бүгін менің туған күнім! Алматы алға!

- Бүгінгі қала күні құтты болсын, үлкен ғимарттар салына берсін.

- Өз басым бос уақытымды көңіл көтеретін орталықтар мен ойын-сауықта өткізгеннен гөрі осындай саябақтарда болғанды ұнатамын. Сіздерге де демалыс күні осында келуге кеңес берер едім. Көлеңкелі саябақта отырып, кітап оқығанға, асықпай серуендеуге  не жетсін? Бастысы, санитарлық талапты ұмытпаған абзал. 

Новости партнеров