Алматыдағы жауын-шашын жағдайы: әкімдік пікір білдірді

11.07.2024 03:35

Түнгі кезеңде 316 бірлік техника, 28 мотопомпа және 323 жол жұмысшысы жұмылдырылды

elements.envato.com

10 шілдеде жауын-шашынның мол түсуіне байланысты әл-Фараби даңғылындағы "Есентай-Молл" СОО маңында жаңбыр суы жиналып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Бұл жерге Бостандық ауданы әкімдігінің мердігер ұйымы және "Алматы су" коммуналдық қызметінің техникасы, Алматы ТЖД сорғы станциясы жіберілді. Сағат 21:30-дағы жағдай бойынша суды сору аяқталып қалды.

Сонымен қатар Жәңгір хан көшесі бойындағы Ерменсай шағынауданында Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметінің арнайы техникасы алдын ала жіберіліп, стационарлық сорғылар дайындыққа келтірілді. Жауын-шашын салдарынан су жиналып қалған. Бұл жерде Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметінің, Бостандық ауданының мердігер ұйымы "Стам Сервис" ЖШС күштері жұмыс істейді, олар "Илосос" арнайы техникасының, сондай-ақ екі стационарлық сорғының көмегімен су сору жұмысын жүргізеді.

10 шілдеде сағат 18:00-ден бастап Алматы қаласында жаңбыр жауа бастады, ол сағат 22:00-ге дейін жауады деп болжануда, деңгейі 7 мм-ге дейін жетеді.

Жаңбыр жауа бастағалы бері су тасқынының алдын алу және жою және судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін мотопомпалармен, багрлермен және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған 42 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылды. 1,6 мың қап құм дайындалды.

Түнгі кезеңде 316 бірлік техника, 28 мотопомпа және 323 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша бүгін, 10 шілдеде кешкі кезеңде найзағай болып, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +18...+20°C, ертең түстен кейін +29...+31 және күндіз өткінші жаңбыр жауады.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы «Қалқаман» метро бекеті 2026 жылы қолданысқа беріледі