17 ақпанда Алматы қаласы әкімінің тұрғындар алдындағы есептік кездесуі өтеді

Қала әкімінің кездесуі 17 ақпанда сағат 10:00-де «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде онлайн өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беру кездесуі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімінің кездесуі 17 ақпанда сағат 10:00-де «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде онлайн өтеді.

Тікелей эфир «Алматы» телеарнасының және қалалық әкімдіктің сайтында әрі әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында (Алматы әкімдігі, "Алматы" телеарнасы, Open Almaty) және YouTube арнасында көрсетіледі.

Қала тұрғындары сұрағы мен ұсынысын, талап-тілегін 1308 нөміріне (қоңырау тегін)  және 8777 046 33 33 WhatsApp, Facebook-тегі ресми парақшаларға жолдай алады.

Сондай-ақ, қала тұрғындары Zoom платформасы арқылы тікелей эфирге қосыла алады.

Алатау ауданы – Алатау шығармашылық хабы, Нұркент ықшамауданы, 5;

Наурызбай ауданы – Наурызбай ауданы әкімдігінің аппараты, Шұғыла ықшамауданы, 347;

Әуезов ауданы – Әуезов ауданы әкімдігінің аппараты, 12-ықшамауданы, 23;

Бостандық ауданы – Алматы Бас жоспары ғимараты, Абай даңғ., 90;

Жетісу ауданы – Жетісу ауданы әкімдігінің аппараты, Серіков көшесі, 2А;

Медеу ауданы – Республика сарайы, Достық даңғ., 56;

Алмалы ауданы – «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалының ғимараты, Абылай хан даңғ., 79;

Түрксіб ауданы – Алматы Халықаралық әуежайының мәдениет үйі;


Бұл мекен-жайларда тұрғындардың сұрақтары немесе ұсыныстарын қабылдайтын арнайы жәшіктер орнатылады. Сонымен қатар, мәселелерді шұғыл шешіп және қарау үшін қоғамдық қабылдау бөлмелері ашық болады. Онда әкімдіктердің уәкілетті қызметкерлері тұрғындардың мәселелері бойынша жұмыс істейді.


Трансляция төменде көрсетілген платформаларда өтеді:

Facebook.com/sagintayev.b/

Facebook.com/almaty.gov.kz

Facebook.com/rsk.almaty02/

Facebook.com/OpenAlmaty/

Facebook.com/groups/498553934155730/?ref=share

Facebook.com/almaty.tv.kaz/

Facebook.com/almaty.tv/

Youtube.com/c/AlmatyUS


Шешімін табуды қажет ететін өзекті мәселе туындаған жағдайда хаттың мәтінінде ауданды, мекен-жай мен байланыс нөмірін көрсетуіңізді өтініп сұраймыз.

Новости партнеров