Алматыдағы мерекелік концерт шетелдік қонақтарды қайран қалдырды

31.12.2025 23:47
Пресс-служба акима города Алматы

Алматыда нағыз қуаныш пен мерекелік көңіл-күй орнады. Астана алаңында Жаңа жылға арналған концерт өтіп жатыр. Оған сағат 18:00-ден бастап алматылықтар жиналуда. Мерекелік бағдарламаны көруге келіп жатқан адамдар ағыны әлі де азаймаған. Келген көрермендер қатарында жастар мен отбасылы адамдардың қарасы көп, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

Сондай-ақ, отандық әншілердің өнерін тамашалап, мерекелік атмосфераны сезініп жүрген азаматтар қатарында шетелдіктер де бар. Алматыда тұрып жатқанына 2 жылға болған үндістандық студент Кумар Женендра Астана алаңындағы концертке ұнағанын атап өтті.

-  Біз достарымызбен мереке сайын Алматының көрікті жерлеріне барып, осындай іс-шараларға қатысамыз. Себебі осында көңіл көтеріп, нағыз мерекені сезінуге болады. Бірақ бүгінгі шоу тіпті ерекше екенін байқадым. Сахна мен алаң керемет безендірілген. Біз естелік суреттерге түстік, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін сахнада DJ BATTLE өтіп, диджейлер жаңажылдық әуендер мен танымал хиттердің заманауи өңделген авторлық микстерін ұсынды. Енді көрермендер алдында Ақылбек Жеменей, Мақпал Исабекова, Әлішер Кәрімов сынды эстарада жұлдыздары өнер көрсетіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Дубайдан келген туристер қазақстандықтардың ыстық ықыласын тәнті болды