Дубайдан келген туристер қазақстандықтардың ыстық ықыласын тәнті болды

Фото: пресс-служба акима Алматы
Фото: пресс-служба акима Алматы

Шетелдік қонақтар алматылықтардың ашық-жарқын, қонақжай болмысын атап өтті

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Астана алаңында өтіп жатқан мегаполистің негізгі жаңа жылдық концерті барысында қуаныш пен бірлікке толы ерекше көңіл күй орнады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала тұрғындары мен қонақтары, оның ішінде шетелдік туристер де қазақстандық өнерпаздардың өнерін тамашалап, мерекелік бағдарламадан ерекше әсер алуда. Сонымен қатар шетелдік қонақтар алматылықтардың ашық-жарқын, қонақжай болмысын атап өтті.

«Қазақстанда адамдардың мерекелік көңіл күйді бір-бірімен бөлісуі қатты ұнады. Көшеде адамдардың бір-біріне Жаңа жылмен құттықтап жатқанын жиі көруге болады. Мұның бәрі өте жылы әрі достыққа толы орта қалыптастырады. Біз Дубайдан Алматыға екі аптаға демалуға келдік. Қазақстандық орындаушылардың концерті өте ұнап жатыр. Қазір қолөнер бұйымдарын қарап, естелікке бір нәрсе сатып алғымыз келеді», - деді БАӘ-ден келген Keerthana Jyothula.

Еске сала кетейік, мерекелік концерт 1 қаңтар күні сағат 00:30-ға дейін жалғасып, салтанатты отшашумен аяқталады.

Оқи отырыңыз: Жаңа жыл мерекесі: Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр

Новости партнеров