Алматы әкімі стратегиялық қалалық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі қаланың алдағы жылдардағы дамуына бағытталған стратегиялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиын барысында жаңа іскерлік аудан қалыптастырудан бастап, заманауи қоғамдық кеңістіктер, жағалаулар мен көгалдандырілген аумақтар қарастырылған кіреберіс аймақтарды көріктендіру жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Кеңесте құрылыс тығыздығы мен қалалық ортаның сапасы арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Бірқатар жоба ғимараттардың биіктігін төмендету және жасыл аймақтардың көлемін ұлғайту бағытында қайта қаралғаны атап өтілді. Жобаларды іске асыру кезінде тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз ету негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.

Сонымен қатар креативті индустрияларды дамыту, жастар мен отбасылық демалысқа арналған жаңа қоғамдық кеңістіктер құру, сондай-ақ қаланың маңызды мәдени нысандарын сәулеттік жарықтандыру жобалары қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі барлық жобаны іске асыру мерзімдерін сақтау және жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ аталған жобалардың жүзеге асырылуы оның жеке бақылауында екені атап өтілді.

Оқи отырыңыз: Jas Vibe Алматы аудандарын аралап жүр: акцияға 5 мыңнан астам адам қатысты