Алматы әкімі өңірлік инвестициялық штабтың отырысын өткізді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жиында жалпы құны 185 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобалар қаралды. Бұл бастамалар қала экономикасының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инфрақұрылым сапасын жақсартуға бағытталған, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Талқыланған негізгі жобалардың қатарында жоғары технологиялық деректерді өңдеу орталықтарын, көлік-логистикалық инфрақұрылымды, қонақ үй және туристік нысандарды салу жоспарлары бар.

Соның ішінде Индустриялық аймақта заманауи көлік-логистикалық орталық салу жобасына ерекше назар аударылды. Жоба аясында 30 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тартылып, 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Жобаны іске асыру кәсіпорындардың логистикалық шығындарын азайтып, жүк тасымалының тиімділігін арттыруға және Индустриялық аймақтың инвестициялық тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде қала әкімдігі инвесторға инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 15 гектар жер телімін ұсынуға дайын.

Отырыс барысында инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыру, әкімшілік кедергілерді азайту және бизнес жүргізу рәсімдерін одан әрі жеңілдету мәселелері де талқыланды.

Оқи отырыңыз: Алматыда жарты жыл ішінде сүт безі обырының 200-ден астам жағдайы анықталды