Алматы әкімі білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру нысандарының дайындығын жеке бақылауда ұстап, жағдайын тексеру жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Алмалы және Бостандық аудандарындағы бірқатар нысан аралады.

Алмалы ауданындағы 576 орынға арналған № 124 мектеп күрделі жөндеуден кейін ашылады. Жөндеу жұмыстары бір жыл бұрын басталған болатын. Бүгінде нысан балаларды қабылдауға толық дайын.

Бостандық ауданында 550 орындық № 60 мектеп тексерілді. Мұнда қолданыстағы ғимарат жөнделіп, қосымша корпус салынды. Соның нәтижесінде мектептің жалпы аумағы 14 мың шаршы метрге дейін ұлғайды.

Сондай-ақ, Орбита-4 шағынауданындағы № 89 бөбекжай-балабақшаны жөндеу жұмыстары аяқталды. Балабақша 300 балаға арналған, мұнда 12 топ жұмыс істейді. Үш нысан да дайын, қазіргі уақытта оларды қажетті жабдықтармен толықтыру жұмыстары аяқталуға жақын.

Жалпы, қалада білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. 1 қыркүйекке дейін 8 жаңа білім беру нысанын, сондай-ақ жөндеуден өткен тағы 11 нысанды ашу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге белгіленген кестеден кешігіп жатқан бірнеше нысан бар. Олардың әрқайсысы әкімнің жіті бақылауында. Барлық жұмысты жақын арада толық аяқтау міндеті қойылды.