Алматы әкімі жылыту маусымына дайындық пен білім беру нысандарындағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Оңтүстік-Шығыс аудандық қазандығында болып, алдағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қала әкімдігінің мәліметінше, «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС-нің теңгерімінде 89 қазандық бар. Қазіргі уақытта олардың бірқатарында жоспарлы профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық жұмысты 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.

Жұмыс сапары барысында жекеменшік қазандықтардың жай-күйіне де ерекше назар аударылды. Қала әкімі жауапты тұлғаларға проблемалы нысандармен жүйелі жұмыс жүргізуді, олардың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, соның ішінде техникалық қызмет көрсету жөніндегі шарттарды уақытылы жасасуды тапсырды. Бұл жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алып, тұрғындар үшін экономикалық тұрғыдан негізделген тарифті сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Дархан Сатыбалды №56 гимназия ғимаратын жаңғырту және №17 мектеп-интернатында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу мен сейсмикалық күшейту жұмыстарының барысымен танысты.

Қала әкімдігінің мәліметінше, екі нысандағы жұмыстар кестеден сәл кешігуде. Осыған байланысты мердігер ұйымдарға қосымша ресурстарды жұмылдырып, барлық жұмысты жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық аяқтау тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Алматының Алатау ауданында жаңа мектептер, қоғамдық кеңістіктер және инженерлік инфрақұрылым таныстырылды