Алатау ауданында жарықтандыру жүйесі толық жаңартылып жатыр

Қала әкімдгінің баспасөз қызметі
Қала әкімдгінің баспасөз қызметі

Бүгінде 2 870 жарық бағаны мен 3 390 жарық нүктесі орнатылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту бағдарламасы жалғасып келеді. Алатау ауданында бұрын жарықпен толық қамтамасыз етілмеген көшелер мен аумақтарда жарық желілерін қайта құру жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жобалық-сметалық құжаттама 2024 жылы әзірленіп, жалпы 255 аумақты қамтиды. Олар аудан аумағындағы көшелер, өткелдер мен аулалар.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмысы Боралдай, Мәдениет, 13–14-территория, Өжет, Теректі, Шапағат, Дархан–Байбесік, Алтын-алма, Томирис, Қарасу, Әйгерім-1,2, Шаңырақ-1,2, Ұлжан-1,2, Ақбұлақ, Зерделі, Самғау және Көкқайнар шағынаудандарында жүргізіліп жатыр.

Бүгінде 2 870 жарық бағаны мен 3 390 жарық нүктесі орнатылды.

Жалпы жоба бойынша 2 900 жарық бағанын, 3 550 шам орнату, жарық желілерінің ұзындығын 93 шақырымға жеткізу көзделген.

Құрылыс-монтаж жұмысын осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жоба толық іске асқаннан кейін Алатау ауданы 100% жарықтандырылады.

Оқи отырыңыз: Астанадағы көтерме-бөлшек сауда базары өртенді

Новости партнеров