Алатау ауданындағы электр қуатының уақытша өшуіне қатысты ақпарат

14.11.2025 10:46

Оқиға орнына жедел түрде апаттық-қалпына келтіру бригадалары жіберілді

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы 13 қараша күні 110 кВ №124А және №101А электр беру желілерінде жарықтың апаттық өшу тіркелді. Соның салдарынан ПС-162А «Алғабас», ПС-169А «Ақбұлак» және ПС-123А «АЖЭО-2» сынды бірнеше ірі қосалқы станция уақытша электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Апат Алматы қаласы Алатау ауданының тұтынушыларына да әсер етті. Электрмен жабдықтау төмендегі шағынаудандарда уақытша тоқтатылды:

Ақбұлақ, Алғабас, Ақкент, Саялы, Теректі, Ғажайып, Көксай, Нұркент, Дарабоз, Зерделі, сондай-ақ Райымбек даңғылы – Момышұлы – Мөңке би көшелерінің аралығындағы аумақ.

Оқиға орнына жедел түрде апаттық-қалпына келтіру бригадалары жіберілді. Мамандар апаттың себебін анықтауға кірісіп, электр қуатын кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

14 қараша, сағат 00:12-де, ПС-110/10 кВ №169А «Ақбұлақ» қосалқы станциясы 110 кВ №101А желісі арқылы қайта қосылды. Қазіргі уақытта мамандар Нұркент, Ақкент, Алғабас, Теректі және Көксай шағынаудандарындағы энергиямен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары электрмен жабдықтау толық орнына келгенше жүргізіледі.

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз.

Оқи отырыңыз: Алматының туристік саласына құйылған инвестиция 113 млрд теңгеге жетті