Алдағы екі жылда Алматыда 38 қоғамдық кеңістік жаңартылып, қайта құрылады – қала әкімі

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Сондай-ақ «Жасыл Алматы» бірыңғай операторы құрылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы екі жылда Алматыда 38 қоғамдық кеңістік жаңартылып, жаңадан құрылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Оның айтуынша, полиорталықты дамумен бірге Алматы жасыл әрі орнықты мегаполиске айналады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Бұл жұмысқа Лондон, Мәскеу, Шанхайдың және еліміздің үздік сарапшылары мен урбанистері тартылып отыр. Көріктендіру стандарттарын тиімді іске асыру мақсатында қалалық Урбанистика орталығы құрылды. 

«2026-2027 жылдары 38 қоғамдық кеңістікті құру және жаңғырту жоспарланған. Олардың қатарында Тұңғыш Президент саябағы, Әуежай көлі жағалауы, Есентай, Үлкен Алматы өзендері және басқа да маңызды демалыс аймақтары бар. «Қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша 68 көше жаңғыртылады. Оның аясында ғимараттар жаңарып, заманауи шамдар орнатылады, тротуарлар төселіп, аумақтар көріктендіріледі», – деді Дархан Сатыбалды.

Әкімнің айтуынша, қала тазалығын қамтамасыз ету үшін «Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіпорнының жұмысы күшейтілді. Атап айтқанда, қызметкерлер саны 600 адамнан 2 000 адамға дейін ұлғайды, еңбекақы мөлшері 170 мың теңгеден 370 мың теңгеге дейін артты, сондай-ақ 330 бірлік жаңа арнайы техника сатып алынды.

Сондай-ақ «Жасыл Алматы» бірыңғай операторы құрылды. Оның қарамағына 400 гектардан астам жасыл аумақ кезең-кезеңімен беріліп жатыр.  Бұған қоса, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жыл басынан беріп Алматыда 9,4 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 58 мың куб метрден астам қоқыс шығарылды. Бұл жұмыс 2026 жылы да жалғасады.

Оқи отырыңыз: Алматыда өнеркәсіпті дамытуға бағытталған ауқымды жоспарлар жүзеге асырылып жатыр

Новости партнеров