Алғашқы саяси тәжірибе: Алматыдағы сайлау учаскелерінде жастардың белсенділігі байқалады

23.08.2026 07:38

№95 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып 18 жастағы Малика Жапарова дауыс берді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап жастардың белсенділігі байқалады. Олардың көбі үшін бүгінгі дауыс беру – елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысудағы алғашқы тәжірибе, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алмалы ауданында сайлау учаскелеріне келушілер үшін фотоаймақ ұйымдастырылып, алғаш рет дауыс берушілерге естелік кәдесый мен сыйлық табысталып жатыр. Мұндай іс-шара сайлауға алғаш рет келген жастар үшін дауыс беру күнін есте қаларлықтай өткізуге мүмкіндік береді.

№95 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып 18 жастағы Малика Жапарова дауыс берді. Ол бүгін өзінің алғашқы сайлау бюллетенін алды.

«Бұл мен үшін алғашқы тәжірибе. Енді дауыс бере алатыныма өте қуаныштымын. Менің ойымша, кәмелет жасына толған әрбір азамат сайлауға қатысуы керек», — деді жас сайлаушы.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы сайлау учаскелерінде кезек пайда болды

Толық көрсету