Энрике Иглесиастың концертінен кейін Орталық стадион аумағы қоқыстан тазартылды

Кадр из видео
Кадр из видео
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Энрике Иглесиастың концерті аяқталғаннан кейін Алматыдағы Орталық стадион аумағын коммуналдық қызмет мамандары тазалауға кірісті. Оларға іс-шараға келген көрермендер де қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Концерт барысында көрермендер тазалық сақтауға тырысып, қоқысты арнайы қойылған жәшіктер мен контейнерлерге тастады. Ал концерт аяқталған соң жанкүйерлердің бір бөлігі бірден үйлеріне қайтпай, қызметкерлерге аумақты ретке келтіруге көмектесті.

Тазалық жұмыстары «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы қоршаған ортаны ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәсілдерге сәйкес жүргізілді. Мұндай бастамалар бұқаралық іс-шаралар кезінде тазалықты тек коммуналдық қызметтер ғана емес, тұрғындардың өздері де сақтай алатынын көрсетеді.

Осылайша, музыкалық кештен кейін стадион аумағы біртіндеп қалпына келді. Қызмет мамандары қоқысты жинап, шығарып жатса, көрермендер де тәртіпті сақтауға өз үлесін қосты.

Оқи отырыңыз: Мыңдаған көрермен, сүйікті хиттер мен отшашу: Алматыдағы Энрике Иглесиас концерті қалай өтті