Мыңдаған көрермен, сүйікті хиттер мен отшашу: Алматыдағы Энрике Иглесиас концерті қалай өтті

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Танымал испаниялық әншінің концерті көрермендерге сүйікті хиттер мен жарқын эмоцияға толы ұмытылмас кеш сыйлады. Энрике мыңдаған жанкүйерімен бірге өзінің ең танымал әндерін орындады. Көрермендер концерт бойы әнге қосылып, би билеп, ерекше атмосфера қалыптастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әнші жанкүйерлерімен белсенді байланысып, көрермендерге жақындап, алматылықтарға бірнеше рет «Рахмет!» деді. Энрике алматылықтардың жылы ықыласы мен ерекше энергиясына тәнті болғаны байқалды. Көрермендер де кеш бойы әншімен бірге ән айтып, би биледі.

Кештің шарықтау шегі — әйгілі «Bailando» әні болды. Оны Энрикемен бірге бүкіл стадион орындады. Жарқын кеш отшашумен қорытындыланды.

Оқи отырыңыз: Бір стадион, мыңдаған дауыс: Алматы Энрике Иглесиасты қалай шығарып салды