2026 жылы 14 сәуірде Мәскеуде Michelin мен The World’s 50 Best Restaurants сыйлықтарымен деңгейлес саналатын WHERETOEAT INTERNATIONAL 2026 халықаралық мейрамхана сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сыйлық Ресей, Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Армения, Грузия және Өзбекстан елдерінің мейрамханаларын бір арнаға тоғыстырады. Іріктеу нәтижесінде Қазақстан атынан бес мекеме қысқа тізімге енсе, соның төртеуі Алматы шаһарынан: AYUL, La Barca Fish&Wine, «Огонек», Rifugio del Monte.
Кәсіби номинациялар қатарында да алматылық мамандардың есімі аталады:
Сондай-ақ, «Жылдың үздік бары» аталымында Gruppo 63 бары да бар. Жылдың үздік мейрамханасы мен басқа да жеңімпаздар 14 сәуірде жарияланады.
Алматы мейрамханалары мен мамандарының халықаралық деңгейдегі сыйлыққа енуі қаланың гастрономиялық мәдениетінің өркендеп, әлемдік кәсіби кеңістікпен тығыз байланыс орнатқанын айғақтайды.
Алматы – елдегі ең ірі туристік орталықтардың бірі. Былтыр 9 айда қалаға 1,87 миллион адам келген, бұл алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға артық. Оның ішінде 563 мыңнан астамы – шетелдік қонақтар.
Гастрономия – қаланың туристік тартымдылығын арттыратын маңызды факторлардың бірі. Туристер жұмсайтын қаражаттың шамамен 27 пайызы тамақтану мен мейрамханаларға тиесілі.
Сонымен қатар, Алматыда 140-тан астам мекемені қамтитын ресми гастрономиялық гид әзірленіп, қолданысқа енгізілген. Бұл мейрамхана индустриясының қарқынды дамуы мен аспаздық бағыттардың сан алуандығын көрсетеді.
Оқи отырыңыз: Алматының орталығындағы мейрамхана террасасы сот шешімімен бұзылды