Оның айтуынша, теңгенің күшеюі экспортқа байланысты
Доллар арзандап, теңге нығайды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында АҚШ валютасы бағамының айтарлықтай құлдырауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, теңгенің күшеюі экспортқа байланысты екен. Ал еліміздің сыртқа шығаратын негізгі өнімі – мұнай. Ол экспорттық түсімнің 50 пайыздан астамын құрайды.
Қазақстан қара алтынды бұрынғыдай сатса да, оның бағасы өсіп жатқандықтан, түсім де арта түскен.
«Нарықта доллар көбейген сайын оның бағамы да төмен болады», – дейді Тимур Сүлейменов.
Сондай-ақ ол ұлттық қордың активтері де доллармен есептелетінін, сондықтан теңгеге қатысты бағам өзгерісі қордың долларлық бөлігіне әсер етпейтінін жеткізді.
«Біз әрдайым ұлттық қордың валюталық құрамын қадағалаймыз, ол доллармен есептеледі және теңгеге ауыстырылмайды. Осы себепті валюта нарығында курс өзгерісінің негізгі әсері экономиканың экспорттық кірісіне және валюталық ұсынысқа қатысты көрінеді», – деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.
Оқи отырыңыз: Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді