Алматылық спортшылар 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында 2 230 медаль жеңіп алды

15.07.2026 09:08
пресс-служба акима Алматы

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша алматылық спортшылар халықаралық және республикалық жарыстарда 2 230 медаль жеңіп алды. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматылық спортшылардың қоржынында әлем чемпионаттарының 60 медалі, Азия чемпионаттарының 105 жүлдесі және Қазақстан чемпионаттарының 2 065 медалі бар.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында Алматыдан 2 544 спортшы бар. Осылайша, ұлттық құрамадағы әрбір төртінші спортшы Алматының намысын қорғайды.

Биыл алматылық спортшылар бірқатар тарихи жетістікке де қол жеткізді. Атап айтқанда, спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңдерінде, стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальдарды жеңіп алды. Сондай-ақ, семсерлесу, шахмат, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлерінде жоғары нәтиже көрсетті.

Қалалық Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл жетістіктерге спорт инфрақұрылымын дамыту, спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру және материалдық-техникалық базаны нығайту нәтижесінде қол жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Әлемдік жұлдыз Рики Мартин Алматы сахнасында өнер көрсетеді