Алматылық спортшылар джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында 38 медаль жеңіп алды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

14-16 сәуір аралығында Астанада джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыста U14, U16 және U18 жас санаттары бойынша неваза және файтинг бөлімдерінде жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жарыс қорытындысы бойынша алматылық спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізіп, қала намысын абыроймен қорғады. Жалпы есепте олар 38 медаль иеленді: 10 алтын, 9 күміс және 19 қола.

Ең үздік нәтиже U16 жас санатында тіркелді. Бұл топтағы спортшылар 6 алтын, 4 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.

U18 санатындағы қатысушылар да сәтті өнер көрсетіп, қоржынға 3 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль салды.

Ал U14 жас санатындағы спортшылар 1 алтын, 1 күміс және 6 қола медальмен жалпы нәтижеге үлес қосты.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл көрсеткіштер шаһарда жекпе-жек спорт түрлерін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесін және спортшылардың республикалық деңгейдегі жоғары әлеуетін айқындайды.

Оқи отырыңыз: Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинау акциясы өтті

Новости партнеров