Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

21.08.2026 14:46
пресс-служба акима Алматы

Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әділжан турнир барысында сәтті өнер көрсетіп, әлем біріншілігінің финалына шықты. Шешуші белдесуге дейін ол Канада, АҚШ, Нидерланд және Грузия өкілдерін жеңді.

Финалда алматылық дзюдошы Әзірбайжан өкілі Фарид Рзазадемен кездесті. Шешуші белдесудің қорытындысы бойынша Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Кадеттер арасындағы әлем чемпионаты Гуаякиль қаласында 20–23 тамыз аралығында өтіп, оған әлемнің әр елінен үздік жас дзюдошылар қатысуда.

Оқи отырыңыз:  300 млн аудиториясы бар 250-ден астам тревел-блогер Алматыны әлемге танытып жатыр

Толық көрсету