Алматылықтар туған күнінде референдумда дауыс берді

РСК
РСК

Олар елімізде АЭС салу мәселесі бойынша дауыс беру үшін келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда таңертеңнен бастап сайлау учаскелерінің біріне бірден төрт туған күн иесі келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.    

Барлығы елімізде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша дауыс берууді ұйғарған. 

«Біздің учаскеде 2 123 сайлаушы тіркелген, мұнда таңнан бері белсенділік байқалады. Төрт туған күн иесі дауыс берді», - деді І.Жансүгіров атындағы №130 гимназияда орналасқан №165 учаскелік комиссияның төрағасы Әлия Қасқырбаева. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін бүкіл ел бойынша АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. 

Алматыда барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар 20.00-ге дейін ашық. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Читайте также:   Бүгін барлық қазақстандықтар үшін тарихи күн - Роза Рымбаева

Новости партнеров