Референдумға дейін:
3
күн
4
сағат
55
минут

Алматы 2 өрт сөндіру-құтқару кешені ашылды

Нысанда әкімшілік-тұрмыстық блог, өрт сөндіру бөлімі, қызметкерлерге арналған баспана, воркаут алаңы мен жаттығу залдары бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар қызметінде жаңа форматтағы қос бірдей өрт сөндіру бөлімі Түрксіб және Бостандық аудандарында ашылды. Төрт айда салынған кешенде қызметтік пәтерлер, спортзал, балалар және футбол алаңдары қарастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алғашқы мамандандырылған өрт сөндіру-құтқару кешені жедел мақсаттағы Алатау оңтүстік базасында бой көтерді. Небәрі төрт айда аяқталған нысанда әкімшілік-тұрмыстық блог, өрт сөндіру бөлімі, қызметкерлерге арналған баспана, воркаут алаңы мен жаттығу залдары бар. Бұдан бөлек, алты бірлік арнайы техниканы орналастыруға мүмкіндік жасалған. Ашылу салтанатында Төтенше жағдайлар министрі бірқатар қызметкерлерге қызметтік пәтерлер мен жаңа техникалардың кілтін табыс етті.

«Жаңа пәтердің кілтін алып отырмыз. ТЖМ басшыларына, рақмет! Материалдық база жаңартып жатыр. Вертолет, ұшақ саны, оперативтік базалар көбейіп жатыр. ¤Сонымен қатар, ведомство басшысына Алатау базасында құрылған басқару жүйесі таныстырылды. Авиация, құтқару, өрт сөндіру және апаттық медицина қызметі шоғырланатын аймақ төтенше жағдай кезінде 80 мыңға жуық адамды қабылдай алады», – деді  «Қазавиақорғау» РМҚК қызметкері Әнуар Балғабаев.

«Норма бойынша 15 шақты кешен қажет. Өңірлерде нақты осындай форматта 100-ге жуық өрт сөндіру орталығы салынуы керек», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.

Ал Бостандық ауданындағы №22 өрт сөндіру-құтқару бөлімі Үлкен Алматы шатқалында орналасқан. Жедел әрекет етуге арналған нысан таулы аймақтағы Алатау, Мирас, Ғаламат және Архат ықшамаудандарының, сондай-ақ бірнеше тұрғын үй кешені мен туристік инфрақұрылым объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қызмет көрсету аймағында 40 мыңнан астам адам тұрады. Бұл бөлімше де дәл алдыңғысы секілді барлық қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Олжас Омарбек, Рашиддин Якупов, Жақсылық Тілепберген

Оқи отырыңыз: Заң мен тәртіп: құқық қорғау органдарының өкілдері студенттермен кездесті

Новости партнеров