Референдумға дейін:
14
күн
4
сағат
48
минут

Сенаторлар Алматының бизнес қауымдастығымен Конституция жобасын талқылады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының жұмыс сапары жалғасып жатыр. Кезекті кездесу «Amanat» партиясының қалалық филиалында өтіп, оған Алматының бизнес қоғамдастығының өкілдері қатысты. Басқосуға Сенат депутаттары Жанна Асанова, Марат Қожаев және Нұрия Ниязова, сондай ақ Алматы қаласы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғысхан Маманов қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жиын барысында жаңа Конституция жобасы мен алдағы республикалық референдум мәселесі кеңінен талқыланды. Сенаторлар ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік институттарды нығайтуға, азаматтардың ел басқару ісіне қатысу аясын кеңейтуге және тұрақты құқықтық жүйе қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Олар бастаманың негізгі ережелеріне тоқталып, оның мазмұнын жан жақты түсіндірді.

Марат Қожаев өз сөзінде түсіндіру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде ашық диалог форматында жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, әрбір азамат көкейіндегі сауалдарын қойып, өз пікірін білдіруге толық құқылы. Сенатор қоғам мен мемлекет алдында тұрған жаңа міндеттерді бірлесіп талқылаудың маңыздылығына назар аударды.

Өз кезегінде «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғысхан Маманов жаңа Конституция жобасын талқылау мен алдағы республикалық референдумның кәсіпкерлік орта үшін айрықша мәнге ие екенін жеткізді. Оның пікірінше, құқықтық жүйенің тұрақтылығы мен мемлекетпен өзара іс қимылдың ашық тетіктері бизнестің өркендеуіне және қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Ашық пікір алмасу алаңы іскер қауымға өз ұстанымын білдіріп, нақты сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында кәсіпкерлікті дамыту, бизнесті мемлекеттік қолдау және заңнаманы жетілдіру мәселелері де сөз болды. Қатысушылар алдағы референдумға қолдау білдіріп, маңызды мемлекеттік бастамаларды талқылау үдерісіне белсенді қатысудың қажеттігін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматыда тұрғын үйлердегі жылу шығынының себептері түсіндірілді

Новости партнеров