Almaty Cover Show: сахнада 100-ге жуық әнші өнер көрсетті

Шаһар тұрғындары мен қонақтары 1990-2000 жылдардағы хиттердің жаңартылған нұсқасын тыңдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Классика, ретро, заманауи музыка. Қала күніне орай өткен Almaty Cover Show 50 мыңнан астам көрерменді жинады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаһар тұрғындары мен қонақтары 1990-2000 жылдардағы хиттердің жаңартылған нұсқасын тыңдап, заманауи әндер әуеледі. Сахна төрінде «Азия» тобы, Бақыт Шадаева, Зарина Омарова, Арман Қоңырбаев пен Аша Матай, Ерлан Көкеев, Сейфуллин Жолбарыс, Жеңіс Ысқақова, Жазира мен Жанболат, Мөлдір Әуелбекова өнер көрсетті. Олар концертке жиналған көпшілікті қала күнімен құттықтап, тамаша көңіл-күй сыйлады.

«Бұл – жыл сайын Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өтетін концерт. 100-ге жуық әртіс бір сахнаға жиналды. Жаңа хиттермен қатар, ескі әндер де шырқалды. Қала күніне орай Алматы жайлы туындылар орындалды», – деді Іс-шараның продюсері Әсел Тоянова.

«Үлкен сахнаның киесі болады. Сондықтан бәрімізде қобалжып, толқыдық. Халық көп жиналған. Біз өте қуаныштымыз. Үлкен сахнаға алғаш шығып жатырмыз», – деді «Сардар» тобының солисі Әлібек Айдосұлы.

Оқи отырыңыз: Almaty Cover Show: қала күніне орай өткен шоуға 50 мыңнан астам көрермен жиналды

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров