Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мегаполис Қазақстанның инвестициялық орталығы мәртебесін сақтап отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылы Алматы экономикасы 2021 жылмен салыстырғанда 20,7%-ға өсті. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 56,6%-ға артып, 27 557 АҚШ долларына жетті (2021 жылы – 17 595 АҚШ доллары), деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы Қазақстанның инвестициялық орталығы мәртебесін сақтап отыр. 2022–2024 жылдар аралығында қала экономикасына негізгі капиталға шамамен 5,2 трлн теңге инвестиция тартылып, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 52,4%-ға артқан.

Шағын және орта бизнес (ШОБ) – Алматының экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші. ШОБ-тың қала экономикасындағы үлесі 2021 жылғы 47,5%-дан 2024 жылы 60,3%-ға дейін өсті.

ШОБ секторы жұмыспен қамтудың басты көзі болып қала береді – мұнда қаладағы жұмыспен қамтылған халықтың 90%-ы немесе 972,1 мың адам жұмыс істейді.

2025 жылы алғаш рет Алматы қаласының бюджеты 2,4 трлн теңгеден асты. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,3 есе жоғары (2022 жылы – 1 070 млрд теңге).

Даму бюджеті 622 млрд теңгеге дейін ұлғайып, 2022 жылмен салыстырғанда 2,9 есеге артты (2022 жылы – 213 млрд теңге).

Оқи отырыңыз: Алматыда үш жыл ішінде миллионнан астам ағаш отырғызылды

Новости партнеров